Үстіміздегі жылдың 19 қазанында «Мәдениет бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі  және Қостанай қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту» ММ БК «Узкоколейный» базасында  Қостанай  облысының  80 жылдығына арналған « Туған өлкем Қостанай» атты семинар өтті.

311 ЕТБҚЕ -2 тобының студенті  Данил Дановский жетекшісі С.Д.Габитовнамен бірлесіп осы іс-шараға қатысты. Данил осы кітапхананың оқырманы болып табылады. Кітапхана қызметкерлері біздің жерлесіміз жазушы С.М.Ончаның  шығармаларын  жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып таныстыруды  ұсынды.

Балалар оқырмандарына  арналған  Осы автордың «Кот Василий » өлеңі таңдап алынып мультфильмдік жанрда көрсетілді.

Мультфильм қызықты әрі тартымды болды.Данил осы мультфильмді  құру процесінде қандай бағдарламаны пайдаланғаны жөнінде толық  айтып өтті.

Қонақтар мен ұйымдастырушыларға осындай  өлең көріністері қатты ұнады. Олар одан әрі ынтымақтастықты ұсынды.