Қостанай құрылыс колледжінің  № 323  Т-1 тобының  студенттері , 2016 жылдың 14 қазанында “БК СТРОЙ” ЖШС  әлеуметтік серіктестігінің  салынып жатқан объектілерінде болды.

Саяхаттың  мақсаты-  студенттерді  құрылыстағы жұмыс процесімен таныстыру . “БК СТРОЙ ” ЖШС  учаскесінің  басшысы Карпенко Александр Николаевич студенттердің  қойған сұрақтарына жауап бере отырып, жаңадан  тұрғызылып жатқан  “Сауда орталығын ” көрсетті, құрылысшылардың жұмыстары туралы айтып өтті.