2016 жылдың 10 қазанында Қостанай құрылыс колледжінде қаламыздың бас сәулетшісі Г.Г. Қасыбаевамен Сәулет бөлімінің арнайы пән оқытушыларымен кездесу өтті.
Бұл кездесуде педагогтер болашақтағы қаланың ішкі келбеті туралы өз ойларын ортаға салды. Кешенді жаңа тұрғын үйлерді мынадай атпен жобалады : «Махаббат», «Нұрлы күн», «Art City».
Біздің колледж осындай кездесулерге бірнеше рет қатысты. Ол оқытушыларға, студенттерге шығармашылық қызметіне ықпалын тигізеді. Осындай жобаларды орындай отырып біздің студенттеріміз болашақ мамандығына тәжірибе жинайды.