Осы жылдың қазан айында «Қостанай құрылыс колледжі»  325 ЕТБҚЕ -1 тобының студенттері «Қазақтелеком» акционерлік қоғамдастығына саяхатқа шықты.Орталықтың жүргізуші маманы Абдрахманов Аглан бізді қарсы алып, цифровойлық  iD TV-қызметінің жаңа жетістіктері туралы айтып өтті. iD TV-қызметі   бұл – бірте-бірте  қосымша мүмкіндіктерді  кеңейту және   интернет-сервистерді қамтитын үлкен интеграция қызметтері яғни   ақпарат алу,  жарнаманы орналастыру деп атап көрсетті.Одан әрі студенттерді техникалық блоктың менторы Виктор Анатольевич Новиковпен таныстырды.Ол бізді телефон жүйелерінің тарихи дамуына тоқталды. Бүгінгі таңда телефон және ұялы байланыс ол интернет – Виктор Анатольевичтің айтуынша   адам  үнемі өзін-өзі жетілдіру қажет.Студенттер үшін  бұл сөздер  ұранға айналуы тиіс.