Биылғы жылы біздің колледж базасында «Роботтехника» үйірмесі ұйымдастырылды. 2016 жылдың 4 қазанында ЕТБҚЕ мамандығының 1және 2 курс студенттері жетекшілері Д.ГСейчановамен.,В.В.Задорожнюкпен оқу үрдісіне робот техникаларды енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін алу және танысу мақсатында Қостанай қаласы әкімдігінің техникалық шығармашылық мектебіне саяхатқа шықты.
Техникалық шығармашылық және техникалық спорт түрлері мектеп қызметінің басым бағыттары болып табылады. « Робот техника» үйірмесі осы мектепте екінші жыл жұмыс істейді.Оқушылар әр түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларға қатысады. Саяхат барысында біздің студенттер «Сумо» техникасы бойынша жарысты тамашалады сонымен қатар алаңға шыққан өз роботтарын жинақтады.Шығармашылық мектептің мұғалімімен және оның оқушыларымен LEGOMindstormsEV3 конструкторы негізінде роботтардың жепе жек көрінісі көрсетілді.
LEGOMindstorms көмегімен робот техниканы зерттеу, меншікті роботты жасау, бағдарламалауды білу, біздің студенттерді өте қызықтырды. Біздің студенттеріміз 27 қазанда өтілетін техникалық шығармашылық мектебіне роботтардың «Сумо» бойынша жарысына шақырылды. Әрине студенттер келісмге келіп, болашақта өз роботтарын құрып жарыстарға қатысуды жоспарлайды.