2016 жылдың 30 қыркүйегінде 317 Д-1 тобы қаламыздың  көркем галерясы мен Л.Толстой атындағы облыстық кітапханаға саяхатқа шықты.

Саяхаттың мақсаты 1 курс студенттерін Қостанай суретшілерінің шығармашылығымен таныстыру  болатын. Қала күніне арналған көркем галеряларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті суретшілер мен басқа қаланың да суретшілері қатысты. Оқушылар Қостанай қаласының тарихымен танысты. Көрмеде көп жылдар бұрын орындалған суретшілердің жұмыстары қойылды. Сонымен қатар оқушылар түрлі бейнелеу өнерімен графикалық техникалардан хабардар болды.Бұл саяхат оқушылар есінде  үлкен әсер қалдырды.