Биылғы жылы 27 қыркүйек айында 319 Сәулет -1 тобының студенттері қаламыздағы сәулет ғимараттарына саяхат жасады. Ол- мұсылман мешіті,синагога,православиелік храмдар.Біздің қаламыздың оқу орнымыздың маңайында дүниежүзі діндерінің мәдени ғимараттары бой алуда.Студенттеріміз көптеген қызықты мәліметтерден хабардар болды. Қаламыздағы Свято – Никольский шіркеуі 7 жыл ішінде қайта жөндеуден өтіп, бой көтерді.Ол жергілікті суретші Людмила Коченованың қолдауымен безендірілді.
Қостанай қаласындағы “Бейт бейт рахель – хабад Любавич” синагогиясы құрылыстың бас демеушісі еврей конгресінің президенті Александр Машкевичтің анасының есімімен аталды. Жалпы ауданы 893шаршы метрді құрайды.
2014 жылы мамыр айында 500 орындық мұсылман мешіті салына бастады. Бұл біздің қала үшін сәулет өнеріндегі үлкен ғимараттардың бірі болып отыр. Студенттер сәулет ғимараттарын көріп тамашалап өз қуаныштарын білдірді.