Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде әлеуметтік серіктестікті дамыту төңірегінде колледжімізде оқу орталығы КНАУФ Гипс Капчагай жетекшісі Олег Сотниковпен кездесу өтті.
Кездесуде «БК СТРОЙ» ЖШС, БК «МАРКЕТ»ЖШС қызметкерлері сондай-ақ құрылыс бөлімінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Олег Сотников тыңдаушыларды «КНАУФ» неміс компаниясының презентациясымен таныстырды. Онда компанияның құрылуы туралы, КНАУФ технологиялары мен материалдарын қолдануды және жаңа құралдар мен материалдарды таныстырды.Тыңдаушылар «КНАУФ» технологиясы бойынша көптеген сұрақтар қойып, қызығушылық танытты .