2016 жылы 20-21 қыркүйекте 6697 әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “ЖАС ӘСКЕР” атты әскери патриоттық клубының облыстық слеті аталып өтті.
Осы іс – шараның басты мақсаты болашақ жастардың бойында патриоттық сезімді және өз отанын қоғауда азаматтық борышына деген адалдықты қалыптастыру,әскери тәртіпті тәжірибеде ұстану,әскерге дейінгі жастардың физикалық ,моральдік,жігерлік қасиеттерін нығайту.Осы іс-шарада ӘПК «Тайфун » клубынан 11 адам қатысы. Команда құрамында 9 адам: 7 ұл және 2 қыз.
Оқушылар 2 күн шамасында әр түрлі жарыстың түріне қатысты: саптық дайындық,жедел жәрдем,қаруды бұзу-жинау,винтовкадан ату,күштік жаттығулар,кросс, патриоттық әндер конкурсы.
Іс –шараның қорытындысы бойынша ӘПК «Тайфун» командасы 1 орынға ие болды,сонымен қатар облыстық жарысқа қатысқандары үшін жалаушалармен мадақтамамен марапатталды.
“Тайфун” ӘПК командасына Қостанай облысын 2017 жылы маусым айында Республикалық “ӘПК” Айбын слетінде таныстыру құқығы берілді.