Қостанай құрылыс колледжінің қабырғасында 24 қыркүйекте жалпы колледждік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 1 курс студенттері, 134 ата-ана қатысты.
Колледж директоры Шамшин А.Ж. колледждің жұмыс бағыттары және қызметі туралы ата-аналарға ақпарат берді.
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Инертбаева Г.С. 2015-2016 жылдарға колледждің кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы тәртіп бұзушылық жағдайына талдау жасады. Қостанай қаласының учаскелік аға инспекторы Валиева М.А. ата-аналарға балаға бақылау жүргізу,қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау,т.б. хабарламалар жасалды.
Дін мәселесін зерттеу орталығы және мониторинг бөлімінің маманы діни экстремизм профилактикасы жөнінде айтып өтті.
Педагог – психолог Киньзябулатова.Н.Е ата-аналарды Қостанай облысы бойынша кәмелетке толмаған жастардың арасындағы суицид фактілерімен және статистикамен таныстырды.Барлық ата-аналарға балаларының түрлі сайтта отыруына қатаң қадағалау жүргізілуін талап етті.