2016 жылдың 21 қыркүйегі Қостанай құрылыс колледжінің төңірегінде «таланттылар шоуы» атты іс-шара атап өтілді. Оның мақсаты – жаңа таланттарды шығару және шығармашылық қасиеттерін ашу. Қатысушылардың орындаушылық мүмкіндіктерін дамыту, шығармашылық байқауларға қатысуына ықпал жасау.Аталмыш іс-шараны өткізе отырып, 1 курс студенттері өздерін көрсетіп,ашыла білді.Бұл іс-шара студенттердің  көптен күткен мерекелерінің  бірі болды. Колледж директоры Шамшин А.Ж. барлық студенттерді құттықтап жылы лебізін білдірді және 315 Сәулет -2 тобының қатысушыларына «Ең үздік топ 2015-2016» кубогын табыс етті.

Бұл іс-шарада 1 курс бойынша 8 топ сынға түсті. Байқаудың жеңімпазы шығыс биін тамашалап орындаған 318 Сәулет-1 тобының студенті Сандыбаева Камила иеленді.