2016 жылдың 17 наурызында Қостанай құрылыс  колледжінің 60 жылдық мерейтойына және де Халқаралық Наурыз мерекесіне орай  Қазақ күресінен Қостанай  қалалық  колледж студенттері  арасында  ашық  біріншілік   өткізілді.

Сайысқа 5 колледж қатысты:

  1. Затобол Ауыл шаруашылық колледжі
  2. Қостанай құрылыс-техникалық колледжі
  3. Қостанай техникалық-экономикалық колледжі
  4. Қостанай экономикалық колледжі
  5. Қостанай құрылыс колледжі

Жарыс айналмалы бетпе-бет кездесу ережесінде 60, 66, 75, 80, 80+ салмақтары бойынша өтті. Бұл жарыста қонақ ретінде КСРО жүлдегері және ҚР спортқа еңбегі сіңген шебері Сарсенбаев Олжабай Қажығалұлы және ҚР жүлдегерлері  Баданов Абіл, Біржікенов Нұрсұлтан, ҚР спорт шеберлері Камиев Медет, Жиентаев Тохтар, Джеваридзе Бека, Нургалиев Марғұлан болды. Жарыстың бас төрешісі Қостанай құрылыс колледжінің дене шынықтыру оқытушысы Баймуханов А.Т, кілемдегі төрешілер Баданов А, Біржікенов Н, Дюсекеев С. болды. Жарыс келесі нәтижемен аяқталды:

1-ші орын –  Қостанай құрылыс колледжі

2-ші орын – Қостанай техника-экономикалық колледжі

3-ші орын – Затобол ауыл-шаруашылық колледжі.

Жарысқа қатысушы спортшылар кубок, медаль және мадақтама грамотасымен  марапатталды. Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті.

Қостанай құрылыс колледжі командасын жеңіспен құттықтаймыз!