Қостанай құрылыс колледжінде 29 қаңтарда 310 – тобында қазақ тілі мен математикадан аралас сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Блез Паскаль. Иррационалдық теңдеулерді шығару». Бұл сабақта ауызша сандарды сөйлетіп, мемлекетіміздің мерекелермен, атақты күндермен байланыстырып, сөйлемдерді құрастырдық. Астана туралы әңгімелеп, ән тыңдадық. Ұлы математиктармен танысып, Блез Паскаль туралы оқып, аудардық, сұрақтарға – жауап бердік. Математикалық талдау жасадық. Ертегіні тыңдап, «Септіктер» деген грамматикалық тақырыпқа көңіл бөлдік. Өздік жұмысын өткіздік, содан кейін қасында отырған студент тексіріп шықты. Қарақат Әбілдина туралы ролик көріп, қорытынды шығардық. Біздің сабақ математикамен, географиямен, тарихпен, орыс тілімен, ән – күймен байланысты болды. Сабақ өз мақсатына жетті. Студенттерге сабақ ұнады.