2026 жылғы 16 қазанда Құрылыс колледжінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті.
Қатысушылар колледж аумағын ретке келтіріп, қоқыстар мен түскен жапырақтарды жинады, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалады. Бірлескен еңбектің арқасында колледж айналасы тазарып, көркейе түсті.
«Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаға қамқорлық күнделікті қарапайым істерден және әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады.





