Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов,1-үй, телефон: 8 (7142) 22-05-23,
e-mail: info@strcol.edu.kz
Бос лауазым
Жатақхана тәрбиешісі 1 бірлік жалақысы 1 ставкаға 117 000 теңгеден 148 000 теңгеге дейін.
- Негізгі функционалдық міндеттері:
жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;
баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;
білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Жатақхана тәрбиешісі тікелей оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарына бағынады және өз міндеттерін орындауға қатысты барлық қажетті құжаттаманы ұсынады.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08.2026 ж. – 21.08.2026 ж.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) лауазымға қойылатын үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтары лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificatein English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл;
11) заполненный Оценочный лист кандидата на вакантную или временно вакантную должность педагога по форме согласно приложениям 12, 13 к настоящим Правилам.
12) рекомендательное письмо с места работы (по должности педагога), учебы.
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.
Ескерту:
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер мен дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтар сертификаттаудан өтуден босатылады.
Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

