2015 жылдың 21 қарашасында Қостанай құрылыс колледжінде жас өспірімдер арасында баскетбол бойынша қалалық турнир өткізілді.Бұл жарысқа « Серпін 2050»бағдарламасымен оқуға түскен колледждер арасындағы студенттер қатысты. Атап айтсақ,Қостанай әлеуметтік -техникалық колледжі,Қостанай технико -экономикалық колледжі,Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжі,Қостанай құрылыс колледжінің студенттері. Турнирді бастамас бұрын құрылыс колледжінің директоры А.Ж.Шамшин қатысушыларға бірлік, татулық және берілместей күрес тіледі. Қызу жарыс басталып кетті, көңіл күйлері жақсы болып,әр команданың жанкүйерлері қолдау көрсетіп ,әр ойын ойыншылардың көңілді қол алысуларымен аяқталып отырды. Әр команданың ойыншылары өздерінің командалары үшін жігерлі күштерін көрсетті.Турнирдің қорытындысы бойынша «Құрылыс колледжінің Кубогын» Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжінің суденттері ұтып алды,II орынды Қостанай әлеуметтік -техникалық колледжінің студенттері,ІІІ орынды Қостанай технико -экономикалық колледжінің студенттері,IV орынды Қостанай құрылыс колледжінің студенттері иеленді.
Бұл жарыс оңтүстік аймақтың студенттері арасында қарым- қатынастың,ынтымақтастықтың,күш жігерлерінің күшейіп нығаюына көп әсерін тигізді.