✨ Колледж студенттері мен 9-11 сынып оқушыларын математика, физика және орыс тілі бойынша IX Халықаралық “Білім көкжиегі” Олимпиадасына қатысуға шақырамыз! Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Челябі қатынас жолдары институты – «Орал мемлекеттік жол қатынастары университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің филиалы; Қостанай облысы білім басқармасының “Әдістемелік орталығы” КММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК.
Мерзімдері:
* Өтінімдер 2026 жылдың 20 ақпанына дейін.
* Іріктеу кезеңі: 25-28 ақпан 2026 ж.
* Финал: 9-15 наурыз 2026 ж.
Олимпиадаға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет https://forms.yandex.ru/u/678f26cff47e73b97380ad8a/
Әрбір қатысушы тіркеу нысанын жеке толтырады. Олимпиадаға бірнеше пәндер бойынша қатысқан кезде олардың барлығы бір тіркеу нысанында көрсетіледі. Жауап хатта қатысушыға логин мен пароль, сондай-ақ олимпиаданың I кезеңінен өту тәртібі туралы нұсқаулар жіберіледі. I кезеңнен өту қорытындысы бойынша II кезеңге өткен барлық қатысушыларға олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін жеке шақырулар жіберілетін болады.
Толығырақ ақпарат ресми бетте орналастырылған https://chirt.usurt.ru/abitur/cpidp/mezhdunarodnaya-olimpiada-gorizonty-poznaniya
Қосылыңыз және өз біліміңізді халықаралық деңгейде көрсетіңіз!



