AI + шығармашылық = жеңіс! Біздің студенттер — «CreAItivity» конкурсының көшбасшылары
Костанай құрылыс колледжінің студенттері халықаралық ынтымақтастық аясында Бийск мемлекеттік колледжі ұйымдастырған «CreAItivity» шығармашылық жұмыстар халықаралық конкурсында тамаша нәтижелер көрсетті.
Конкурстың негізгі тақырыбы — «Колледж студенті. Мамандыққа апарар жол». Қатысушыларға күрделі міндет жүктелді: нейрожелілерді пайдалана отырып, болашақ мамандықтарының ерекшелігін бейнелейтін бірегей сурет жасау. Конкурстың ерекшелігі — жасанды интеллектке арналған промпттарды (сұраныстарды) ағылшын тілінде құрастыру болды.
Біздің студенттердің жұмыстары қазылар алқасы тарапынан креативтілігі мен техникалық орындалуы үшін жоғары бағаланды. Олар заманауи Stable Diffusion Online және Craiyon сервистерінде орындалды:
1 орын — Белоусова Арина
1 орын — Мубаракова Диана
3 орын — Трущенко Ульяна.
Қалған қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталды.
Ерекше алғыс ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Татьяна Туркестановаға білдіріледі. Оның қолдауы студенттерге кәсіби концепцияларын сауатты тұжырымдауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесті.
Білім беруде жасанды интеллектті қолдану — жай ғана тренд емес, ол болашақ сәулетшілерге өз мамандығын жаңа қырынан көруге және цифрлық болашақтың құралдарын меңгеруге мүмкіндік береді.



