Қостанай құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері Андрей Викторович Сошкин өзінің шеберлігін тамаша көрсетіп, ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында “Жыл шебері – 2025” облыстық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанды!

Байқаудың бірінші кезеңі-оқу шеберханаларының видеовизиттері мен бейнепрезентациялары. Бұл материалдық-техникалық базаның, оқу жағдайларының және әр шебердің жеке шығармашылық тәсілінің жарқын көрінісі.

Екінші кезең – елеулі конкурстық сынақтар: тестілеу, бағалау парағын әзірлеу, өндірістік оқытудың оқу сабағының жоспарын дайындау және “Өз ісінің маманы” мастер-класс. Мұнда Андрей Викторович кәсібиліктің жоғары деңгейін, бай модульдер құра білуді, тапсырмаларды ойластыруды және педагогикалық шеберлікті ашуды көрсетті.

Андрей Викторовичті лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оның жетістігі-бүкіл колледждің мақтанышы және студенттер үшін жарқын үлгі. Кәсіби қызметте жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!