«Біздің педагогтер – республикалық конкурстың жеңімпаздары

кәсіби шеберлік»

Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Әлия Әбікенова, Бақтығұл Қонарбаева, Наталья Смолева және Ольга Тертышник техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасында өткен «Педагогикалық тәжірибе. Идеялар. Инновациялар» атты Республикалық кәсіби шеберлік байқауында өздерін лайықты танытты.

Конкурс ұйымдастырушылары – Қазақстан Құрылысшылар қауымдастығы және «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» бейіні бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік.

Байқаудың мақсаты – оқытудың инновациялық әдістерін енгізетін педагогтарды қолдау, шығармашылық бастамаларды дамыту және үздік педагогикалық тәжірибені тарату.

Біздің оқытушылар номинациялар бойынша әдістемелік әзірлемелерді ұсынды:

«Кәсіби модуль мен оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау құралдары»,

«Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нысандары мен әдістері».

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Абикенова А.М., Конарбаева Б. К., Смолева Н. В., ІІ дәрежелі дипломмен Тертышник О. С. марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!