Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында ІТ-бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары арасында Республикалық конкурстың облыстық кезеңі өтті.

Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен ІТ-пәндер педагогтары қатысып, жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылығын және заманауи технологияларды сенімді меңгергендігін көрсетті.

Байқау үш құзыреттілік бойынша өтті: “WEB-әзірлеу”, “Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау”, “Киберқауіпсіздік”.

Қостанай құрылыс колледжінің оқытушылары өздерінің оқу орнын лайықты таныстырды: Бекзат Ерханов – “Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау” құзыретінде II орын, Арман Қажғалиев – “WEB-әзірлеу” құзыретінде III орын.

Әріптестерімізді құттықтаймыз, оларға жаңа жеңістер, шабыт және кәсіби өсу тілейміз! ІТ саласындағы әрбір қадам рахат әкелсін және жаңа көкжиектер ашсын!