2025 жылғы 17 қыркүйекте колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында AI ‘WEB-ACTION турнирі өтті!
Бұл жай ғана жарыс емес, нағыз сын-қатер: бар-жоғы 2 сағаттың ішінде қатысушылар идеяны өзекті әлеуметтік тақырыпқа толыққанды сайтқа айналдырады. Тақырыптар жеребе тастау әдісімен анықталады – барлығы үшін тең мүмкіндіктер және тез бейімделу қабілетін тексеру
«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің Qostanai HUB-мен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Қостанай облысы бойынша» «Жастар Рухы» қоры корпоративтік қоры турнирді ұйымдастырды.
Қостанай құрылыс колледжі студенттерінің қатысуымен мақтаныш етеміз:
Байжумаева Диана, Болатқызы Алтынай және Кирилл Ревуцкий «Тәуелсіздік ұрпақтары: Жастар бастамаларын іске асыру платформасы» жобасы шеңберінде «WebAction» турниріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Олардың үлесі – әлеуметтік проблемаларды цифрлық шешуге бағытталған қадам. Болашақ – белсенді, технологиялық және немқұрайлы емес жастарда!

- 22 Sep
- 2025

