ТжКББ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ BIM ТЕХНОЛОГИЯДАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

2025 жылғы 10 сәуірде «ТжКББ жүйесіндегі инновациялық тәсілдер және BIM- технологиядарды интеграциялау» техникалық бейіндегі ТжКББ ұйымдары үшін халықаралық қатысумен V ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан, Беларусь Республикалары және Ресей Федерациясы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 100-ден астам тәжірибелік мамандары, педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Конференция құрылыс және цифрлық технологиялар саласындағы педагогтар,мамандар арасындағы кәсіби қарым-қатынастың алаңына айналды.

Конференцияны ерекше қызықты және құнды еткен не?

Халықаралық тәжірибе алмасу. Іс-шараға түрлі елдердің сарапшылары қатысты, бұл озық әлемдік тәжірибелерді талқылауға, оларды жергілікті шындыққа бейімдеуге және одан әрі ынтымақтастық үшін кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда инновациялар мен цифрландыру кадрларды тиімді даярлаудың негізі болып табылады. BIM технологияларын білім  беру процесіне біріктіру өндірістің нақты міндеттеріне жақын тәжірибеге бағытталған оқытудың  жаңа мүмкіндіктерін  ашады.

Нақты жағдайлар мен шешімдер. Конференцияға қатысушылар құрылыс индустриясы мен оқу орындарында BIM-ді табысты қолдану мысалдарымен танысты, енгізу қиындықтары мен оларды еңсеру жолдарын талқылады.

Диалог алаңдары. Оқытудың инновациялық әдістері мен цифрлық құралдарды талқылау секциялық отырыстардың басты тақырыбы болды. Цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне дайын жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды мәселелері көтерілді.

Конкурстық секция: педагогтердің ғылыми зерттеулері назарда.

Конференция аясында «Техникалық білім берудегі заманауи педагогикалық зерттеулер» тақырыбы бойынша педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстық секциясына ерекше назар аударылды. Бұл секция ТжКББ жүйесіндегі педагогтердің ғылыми әлеуетінің және олардың білім беру процесін жетілдіруге деген ұмтылысының жарқын көрінісі болды. Қатысушылар заманауи педагогиканың маңызды аспектілерін қозғайтын өзекті зерттеулерді ұсынды: оқытуға цифрлық технологияларды енгізу, оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу, тәжірибеге бағдарланған тәсілдерді интеграциялау,сонымен қатар студенттер арасында кәсіби құзыреттіліктерді дамыту мәселелерін.

Ұйымдастырушылар конференцияның барлық қатысушыларына белсенді ұстанымы, кәсібилігі және дамуға ұмтылысы үшін шынайы алғыс білдіреді. Сіздерге жаңа ғылыми идеялар, шығармашылық шабыт және оқу үдерісіне жаңалықтарды табысты енгізуді тілейміз!