2015 жылдың 15 қазанда Қостанай құрылыс колледжінің 1ҒҚСП-1с, 302 СЭЗС- 2 топтары студенттері, директордың тәжірибе жұмысынан орынбасары Т.Симикина ұйымдастырған, информациялық-коммуникативтік технологиялар жұмысынан орынбасары Е.Мухамадрахимов , уақытша бөлім меңгерушісінің жұмысын атқарушы Д.Уразалдинова және кураторлары А.Молдатаевалармен бірге Садовый кентіндегі кірпіш заводына саяхатпен барып, кірпіш өндірісімен танысты. Завод жұмысшыларының бірі оларды кірпіштің шикізаты, оның сумен араластырылуы, пресстелуі, кептірілуі және ыстықта өңделу процесстерімен таныстырды. Шикізаттың барлығы өңіріміздегі жергілікті карьерлерден алынады екен. Осы заводта өңделіп, қолданысқа даяр кірпіштің таза салмағы 3,8; 3,9кг.
Студенттер завод жұмысшыларына, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Осындай саяхаттар оқу барысының алдыңғы уақыттарында да болып тұратынын Татьяна Николаевна ашып айтты.
- 22 Oct
- 2015