Профессиональные пробы!
4 желтоқсан күні колледжде №11 және Абай атындағы №27 мектептердің 9 сынып оқушыларына арналған “Техник-құрылысшы” біліктілігі бойынша кәсіби сынамалар өткізілді. Құрылыс бөлімінің тәжірибелі оқытушылары Конарбаева Б.К. мен Сүлейменов Б.К., Смолева Н. В., Тертышник О. С. жетекшілігімен жас құрылысшылар ArchiCAD бағдарламасының көмегімен “Менің арманымдағы үй” жобаларын жасауда өз күштерін сынап көрді. Іс-шара оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға құрылыс саласында қолданылатын заманауи құралдар туралы түсінік берді. Кәсіби сынамалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіліп, 52 оқушыны қамтыған.
Бұл іс-шара көптеген балаларды болашақ мамандығын таңдауға шабыттандырады деп үміттенеміз!