2024 жылғы 10 қазанда Қостанай құрылыс колледжінің акт залында 17 БКЕ,405 АРХ-1 380 АРХ-3.,381 Д-1., 410 ХЭОСГ-1, топтарының студенттерінің қатысуымен «Психикалық денсаулықты сақтаудың алдын алу» және «ЖРВИ алдын алу»тақырыбында кездесу өткізілді. «Психикалық денсаулықты сақтау» және «ЖРВИ-дың алдын алу»тақырыбында кездесу өткізілді. Бұл іс-шараға жастар денсаулық сақтау орталығының жетекшісі Ерғалиева Жанна Оразғалиқызы., психолог Маханбетова Әйгерім Айтпайқызы., Терапевт Нұртазенова Гүлзада Даркенқызы шақырылды.. Іс-шара колледж медбикесі Гүлмира Жақсыкелдіқызы Егінбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Әңгіме барысында салауатты өмір салтын енгізу және ЖРВИ-дың алдын алу бойынша дәріс оқылды. Іс-шараның мақсаты:
– балаларды тұмау мен суықтың алдын алу әдістерімен таныстыру;
– өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. балаларға адамның психикалық денсаулығы туралы түсінік беру;
– позитивті ойлауға үйрету;
– денсаулықты нығайтуға деген ұмтылысты дамыту;
Сонымен қатар, дәрігерге уақтылы бару, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, қалпына келтіру мүмкіндігі және инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары айтылды. Сондай-ақ ЖРВИ-дың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. Әңгіме сындарлы, позитивті өтті, Студенттер үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.