2024 жылдың 25 қыркүйегінде акт залында полиция аға лейтенанты Васильченко В.О.  Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде  “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында дәріс өтті. Дәріске 1 курс студенттері қатысты. Дәріс жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық санасын дамыту мақсатында өткізілді. Дәріс соңында студенттер барлық құқықтық сұрақтарына жауап алды.