Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті өңіріміздің 14-35 жас аралығындағы жастарын Халықаралық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың үш номинациясы – «Үздік сүрет», «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2024 жылы 1 қазанға дейін қабылданады.

Еліміздің қатысушылары дайындаған конкурстық жұмыстарды іріктеуді Агенттік құратын Ұлттық конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді.