Еліміздің 240-тан астам педагог ҚР Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды. Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен «Үздік педагог» атағының иегерлері болып табылатын 190 педагог-шебер марапатталды, 20 педагогке «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог «Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына» және «Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына» ие болды.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мерекелік іс-шара ұйымдастырды, онда үздіктердің үздіктері ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы Динара Сейчанова Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Ыбырай Алтынсарин” атындағы төсбелгісінің иегері атанды.

Әріптесімізді оның еңбегін жоғары бағалауымен құттықтаймыз! Барлық бастамаларда табысты қызмет, табыстар мен еңбектер тілейміз!