2024 жылдың 20 мамыр айында колледжінің кітапханасында «Тұзды есірткіні тұтынудың алдын алу» атты кездесу өтті. Бұл іс-шараға Қостанай облыстық профилактикалық жұмыстар бөлімінің педагог маманы С.А.Кадрон шақырылды және колледж медбикесі Егинбаева Гульмира Жаксыкелдивнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Есірткі заттарға тәуелділік қазіргі қоғамның, әсіресе жас ұрпақтың проблемасы болып табылады. Осы заттарға тәуелділіктің алдын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл кездесуге білім алушы 403 ЭГС-1 және 399 МОСР-1 топтары қатыстырылды. Дәріс барысында студенттер арасында тұзды есірткі заттарын қолдану және насыбай мәселелері талқыланды, есірткі заттарын тарататын азаматтарға қатысты заңнамалық баптар айтылды. Студенттер қызықтырған тақырыптары мен нашақорлыққа байланысты көптеген сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға психолог маман С.А.Кардон өте сауатты және қысқа жауап берді. Кездесу аяқталғаннан кейін тұзды есірткінің зияны туралы жаднамалар таратылды. Кездесу сындарлы, жағымды өтті, студенттерге тәрбиелік мәні зор болды.
- 21 May
- 2024