2024 ж 11 сәуір күні діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының қызметін жүзеге асыру шеңберінде БҚЕ-нің 14 және МҚСК-нің 15-тобының студенттеріне дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – деструктивті діни ағымдар, оларды тарту әдістері, насихаттау нысандары және өз қатарына жаңа мүшелерді тарту сияқты құбылыстардың мәні туралы білімді кеңейту, сондай-ақ деструктивті және тоталитарлық бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.

Дәрісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жетекшісі Л.А. Мулжигитова әзірлеп, деструктивті идеология мен ұйымдардың мәніне, психологиялық аспектілер мен олардың қызметінің тәсілдеріне, теріс салдарлары мен жастарды өз қатарына тартудың тәсілдеріне назар аударды. Діни экстремистер мен террористерге жәрдемдесу жағдайларында ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жауапкершілік шаралары туралы фактілерді келтірді.