Қостанай құрылыс колледжінің 18 педагогы «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңа мүмкіндіктер мен заманауи трендтер»тақырыбында Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысты. Қатысу нысаны күндізгі және сырттай.
Педагогикалық оқулардың мақсаты-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату үшін жағдай жасау.
Жұмысы барысында секцияда тыңдалған үздік баяндамалар I, II, III дәрежелі грамоталармен марапатталды. Біздің педагогтардың жұмыстары келесі жүлделі орындарға ие болды: 1 орынды – Татьяна Ловягина, Олеся Синько, Динара Сейчанова; 2 орынды – Наталья Смолева; 3 орынды – Әлия Айсина иеленді.
Халықаралық педагогикалық оқулар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар, алғыс хаттар табыс етілді. Мақалалар халықаралық педагогикалық оқулардың жинағына енді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, қызметте шығармашылық табыс тілейміз!