Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында колледжінің кітапханасында «Психо активті заттарды қолданудың алдын алу» атты кездесу өтті. Бұл іс-шараға Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының консультативтік диагностикалық бөлімшесінің психологы Бисимбаева Гульсум Айтжановна шақырылды және колледж медбикесі Егинбаева Гульмира Жаксыкелдивнаның басшылығымен ұйымдастырылды.Психоактивті заттарға тәуелділік қазіргі қоғамның, әсіресе жас ұрпақтың проблемасы болып табылады. Психоактивті заттарға тәуелділіктің алдын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл кездесуге қазақ тобында білім алушы 12 ҒҚСП-2 және 15 ҒҚСП-1 топтары қатыстырылды. Дәріс барысында студенттер арасында спайс, есірткі заттарын қолдану және насыбай мәселелері талқыланды, есірткі заттарын тарататын азаматтарға қатысты заңнамалық баптар айтылды. Студенттер қызықтырған тақырыптары мен нашақорлыққа байланысты көптеген сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға психолог маман Г.А.Бисимбаева өте сауатты және қысқа жауап берді.Кездесу аяқталғаннан кейін есірткінің зияны туралы жаднамалар таратылды. Кездесу сындарлы, жағымды өтті, студенттерге тәрбиелік мәні зор болды. Қатысқаны 42 студент.