Еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек ардагері» мемлекеттік марапаты политехникалық бөлімінің меңгерушісі Тастембекова Дидар Булегеновнаға табысталды.

«Еңбек ардагері» медалі бір салада 30 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерге беріледі. Дидар Булегеновна еңбек жолын 39 жыл бұрын Бирюктал орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Ол өзінің кәсіпқойлығымен, адамгершілігімен, жоғары талапшылдығымен ерекшеленеді.

Ұстаздың жұмысы қарапайым жұмыс емес. 25-30 жыл- бұл жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне өзін арнаған орасан зор еңбек.

Құрылыс колледжінің ұжымы Дидар Булегеновнаны құттықтап, бар жақсылықты тілейді!