Кәсіподақ ұйымының белсенділері кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

ҚР ФК «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Терновая Ольга Валерьевна, ҚР ФК «Кәсіподақ ардагері» медалімен қазақ тілі пәнінің оқытушысы Кушегалина Айгуль Манаповна, ҚР ФК «Құрмет грамотасымен» ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ерденова Ләзат Насибуловна, ҚР ФК Төрағасының «Алғыс хатымен» кітапханашы Вельгоша Галина Валентиновна марапатталды.

Кәсіподақтар федерациясының марапаттары мен төс белгілері кәсіподақ қозғалысын нығайтуға және дамытуға, еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға, кәсіподақтар арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға және Федерацияның қызметін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін сіңірген еңбегін мойындаудың және көтермелеудің жоғары нысаны болып табылады.

Қостанай құрылыс колледжінің ұжымы кәсіподақ белсенділерін құрметті марапатпен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық және шығармашылық табыс тілейміз!