«Педагогикалық тәжірибе. Идеялар, инновациялар» Қазақстан құрылысшылар
қауымдастығы мен «Алматы құрылыс және менеджмент колледжі»жанындағы 0732
«Құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» бейіні бойынша оқу-әдістемелік
бірлестігі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында
өткен Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды
Конкурс кәсіби міндеттерді іске асыруда инновациялық оқыту әдістері мен
шығармашылық шешімдерді қолдануға, үздік педагогикалық тәжірибені насихаттауға
бағытталған колледждердің талантты, шығармашылық педагогтарын анықтауға және
қолдауға бағытталған.
Бұл байқауға Қостанай құрылыс колледжінің педагогтары Наталья Смолева, Ольга
Тертышник қатысты, осы байқауда «Модуль бойынша оқыту нәтижелерін бақылау және
бағалау құралдары» бағыты бойынша 1 орынды иеленді.
Біздің жеңімпаздар атап өткендей, байқау – өз қабілеттеріңізді тексеруге және кәсіби
модульді бағалауға әдістер мен нысандарды бөлісуге тамаша мүмкіндік береді.
Наталья Васильевна және Ольга Сергеевнаны байқаудағы жеңістерімен құттықтай
отырып, табыстар мен тамаша кәсіби нәтижелер тілейміз!