Астанада 1000 – нан астам педагог қатысқан «Педагогикалық идеялар панорамасы-
2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының қорытындысы
шығарылды.
Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің қолдауымен "Өрлеу"
Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырды. Конкурстың биылғы ерекшелігі-
пәндік бағытқа емес, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін функционалдық
сауаттылықты дамыту, оның ішінде цифрлық, математикалық, оқырмандық, қаржылық
сауаттылық, жалпы 12 бағыт бойынша жұмыстар қабылданды. Конкурс Білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, заманауи білім беру
технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша тиімді тәжірибелерді ұсыну мен
таратудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.
Республикалық сараптама қорытындысы бойынша Қостанай құрылыс колледжі
педагогтарының шығармашылық тобы құрған бейне подкаст «Қаржылық сауаттылық»
номинациясы бойынша үздіктердің бірі болып танылды. «Қаржыны басқарудың құпия
тәсілі» тақырыбындағы бейне подкаст Ольга Терноваяның, Есілбай Мухамедрахимовтың,
Марияш Шаханованың авторлық әдістемесі негізінде дайындалды.
Қостанай облысы бойынша жеңімпаздар мен «Өрлеу» ұжымын тамаша нәтижемен
құттықтаймыз!