Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының” Қостанай құрылыс колледжі МҚК студенттеріне арналған “Южный” кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Менің Отаным Қазақстан” тақырыбында тарихи экскурс өткізді.Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Іс-шараға Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Қасымқан Бауыржан Сейілқанұлы шақырылды. Өз сөзінде іс-шара қонағы студенттердің назарын еліміздің тарихына аударды, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы айтты. Кітапханашы 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар туралы және осы оқиғаларға қатысушылар — Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы айтып берді. Желтоқсандағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шара барысында студенттер викторина сұрақтарына жауап бере отырып, белсенді қатысты. Іс-шара тәуелсіздік алған күннен бастап хронологиялық тәртіпте негізгі күндер берілген бейнеролик көрсетілімімен сүйемелденді. Экскурс барысында студенттер Тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалармен және Қазақстан тарихымен танысты. Іс-шара соңында кітапханашы «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыптық кітап сөресіне шолу жасады.