Колледж психологы Тшанова Г.Н. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және оны алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Бұл кездесудің мақсаты – кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ата-аналарды ақпараттандыру. Ата-аналар белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, келесі сұрақтарға жауап берді: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады ма? Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа не себеп болады? Бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті және ауқымды. Өкінішке орай, отбасылардағы тұрмыстық және физикалық зорлық-зомбылықтың өсуі күн сайын артып келеді. Тшанова Г.Н. ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылық, оны алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық статистикасы, зорлық-зомбылық түрлері туралы ақпарат берді. Жиын соңында ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
- 06 Feb
- 2023