Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында «Заманауи басшы – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі ресурсы» атты республикалық форумы өтті.
Форумға қатысушылар: ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің; «Talap» КЕАҚ; Білім басқармалары; ББ әдістемелік кабинеттерінің өкілдері; «Білім берудегі Менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары.
Форумның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің негізгі ресурсы ретінде басшының рөлін айқындау, жаңашылдықтағы құзыреттілік моделін жетілдіру.
Қостанай құрылыс колледжінің директоры С.К.Қадыров «Білім берудегі Менеджмент» бағдарламасы бойынша өткізілген форумға, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушысы ретінде қатысты.
Форум соңында Серікбай Қамзұлы «Talap» КЕАҚ алғыс хатымен марапатталды.