Ақпараттық технологиялар оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында 2022 жылғы 10 қазанда Қостанай облысы ТжКБ оқытушылары арасында жыл сайынғы “ІТ-оқытушы-2022” конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты: оқытушылардың кәсіби өсуін ынталандыру және цифрлық оқыту саласында озық педагогикалық тәжірибені тарату. Оқытушылар екі тапсырманы орындады: АК-технологияларды пайдалана отырып, еркін тақырып бойынша сабақ кезеңін өткізу және білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша мастер-класс өткізу. Байқауға қатысушылар кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, шығармашылық әлеуетін, білім беру қызметінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК оқытушысы Есілбай Барлыбайұлы Мұхамедрахимов жеңіп алды.
Жеңіспен құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!