Қостанай құрылыс колледжі директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары  Сураганов Берик Темиртасович тәжірибе алмасу аясында «Дуалды оқыту – табысты мансап формуласы» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты, онда дуалды оқытудың өзекті мәселелері мен білікті кадрларды даярлау мәселесі талқыланды.

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Дуалды оқыту – табысты мансап формуласы» атты ашық халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты құрылыс саласы үшін кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесін тарату және құрылысқа заманауи технологияларды енгізу болды.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген  Германияның Қазақстандағы Бас консулдығының баспасөз хатшысы Вольфганг Фауст, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі дағдылар және серіктестік басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова, GROHE компаниясының Орталық Азия, Беларусь және Кавказ бойынша аймақтық директоры Алексей Быков, GROHE Орталық Азия, Моңғолия және Кавказ бойынша бас директоры Анастасия Бойко.

Дөңгелек үстелде сонымен қатар Knauf компаниясының шеберлік сабағы, GROHE ресурстық орталығының ашылуы және құрылыс компанияларымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.