15 маусым күні Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында “Үздік кәсіптік бағдар беруші” облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда және үйлестіруде жаңа тәсілдерді анықтау, білім алушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі айқындау әдістері мен нысандарын көпшілікке тарату. Барлығы облыс колледждерінің 18 өкілі қатысты.
Байқау 2 тапсырмадан тұрды. 1 тапсырма ” Визит карточкасы – мен кәсіби бағдаршымын!». Қатысушылар өздерінің кәсіби бағдар беру қызметі туралы айтып, визит карточкасын ұсынудың шығармашылық тәсілін көрсетуі керек еді. 2 тапсырма “Кәсіптік бағдарлау орталығының үздік моделі”, онда конкурсанттар өздерінің кәсіптік бағдарлау орталығының модельдерін ұсынды.
Жүлделі орындарды бөлу кезінде қазылар алқасы 1 жүлделі орынды бермеу құқығын өзіне қалдырды. Нәтижесінде 2 жүлдегер 2 орынға, 2 жүлдегер 3 орынға ие болды.
Біздің колледждің қатысушысы Марияш Шаханова осы байқауда үшінші орынды иеленді. Марияш Орманбекқызы кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер тұжырымдамасына жауап беретін, сондай-ақ біздің колледждің мамандықтары мен кәсіптері туралы оқушылардың хабардар болу деңгейін арттыратын инновациялық жұмыс түрлерін ұсынды. Құттықтаймыз!
Бұл жеңісте барлық ұжымның еңбегі, өйткені біздің әрқайсымыз – кәсіби бағдар беру жұмысының белсенді қатысушысы!
- 20 Jun
- 2022