Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың медиа-жоспары аясында Қостанай құрылыс колледжінде “Сенің таңдауың” үгіт акциясы өткізілді. Еріктілер балалармен салауатты өмір салтын насихаттау туралы әңгімелесті, есірткіні қолданудың салдарымен таныстырды, есірткі заттарының сынамасына теріс көзқарасты қалыптастырды. Акция барысында есірткі, олардың түрлері, қолданудың салдары, есірткіні қолдану әдістері, нашақорлық пен қылмыстың өзара байланысы туралы айтылды. Студенттер өз денсаулығын сақтаудың жалғыз сенімді әдісі-спортпен шұғылдану, жеке гигиена ережелерін сақтау және барлық тәуелділіктерге “Жоқ” деп айту қорытындыға келді.
- 10 Jun
- 2022