Қостанай құрылыс колледжі кітапханасының оқу залында “Алкоголь, темекі шегу, марихуана, синтетикалық есірткіні тұтынудың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыруда сектораралық іс-қимылдарды күшейту” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған “Таңдау сен үшін” атты кітап көрмесіне шолудан басталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында ақпаратпен сөз сөйледі:
“КОПДО” психологы Бисимбаева Г.А. “Психоактивті заттармен танысу қаупін төмендететін факторлар”; медицина қызметкері Егінбаева Г.Ж. “Жастар мен ересек тұрғындар арасында ББЗ тұтынудың алдын алу саласындағы жұмысты жетілдіру туралы”;
әлеуметтік қызметкер Тикунова Н. Н. “Алдын алу іс – шаралары-нашақорлықпен күрес әдістерінің бірі ретінде”.
- 09 Jun
- 2022