Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қостанай құрылыс колледжінің оқу залы кітапханасында “Елдің басты киелі жерлері” атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрме Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен таныстырады. Ол келесі бөлімдерден тұрады: “Жас мемлекет рәміздерінің тууы”, “ҚР Мемлекеттік туы”, “ҚР Мемлекеттік елтаңбасы”, “ҚР мемлекеттік әнұраны”, олар мемлекет пен оның халқының тарихын бейнелейді.
Іс-шараға сәулет бөлімінің бірінші курс студенттері 369 АРХ-1 тобы (кураторы Ловягина Т.В.) және 370 Д-1 тобы (кураторы Жүніс Д. Ж.) қатысты. Кітапханашылар Багрова Наталья Евгеньевна мен Вельгоша Галина Валентиновна іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихын айтып берді. Сондай-ақ, балалар мемлекеттік рәміздерге арналған викторинаға қатысып, Қазақстан тарихы бойынша өз білімдерінің жүгін тексерді. Викторинада бірінші орынды Насртдинова Анна 370 Д-1 тобы, екінші орынды Мазитова Замира 369 АРХ-1 тобы, үшінші орынды Зигун Юлия 369 АРХ-1 тобы иеленді. Барлық жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды.