30 мамырда Қостанай құрылыс колледжінің “Арыстан” командасы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигельдиновтың 100 жылдығына арналған “ТУҒАН ЖЕР” әскери-қолданбалы өнерінің облыстық фестиваліне белсенді қатысты. Өтетін орны: Қостанай ауданы, Бозбек ауылы, “Қостанай ауылшаруашылық колледжі”
Фестиваль Қостанай облысының ТжКББ ұйымдарының “Жас Сарбаз” әскери – патриоттық қозғалысының студент-курсанттары арасында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жастарға патриоттық және рухани – адамгершілік тәрбие беру үшін жағдай жасау; Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарында “Жас Сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысын дамыту; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әскери қызметті, салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау, Бастапқы әскери даярлыққа жәрдемдесу; жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; жастардың бойында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру болып табылады. жастар арасындағы қарым-қатынас және тәжірибе алмасу үшін жағдайлар; жастардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандарын жетілдіру.