26 мамырда Қостанай құрылыс колледжінде техногендік сипаттағы террорлық акт қаупі төнген кезде студенттерді оқу кабинеттерінен эвакуациялау бойынша объектілік жаттығу өтті. Оның негізгі қатысушылары Қостанай облысы бойынша ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының оқытушылары мен студенттері, фельдшерлері, жедел жәрдем қызметкерлері, Қостанай қ. №6 өрт сөндіру бөлімінің «ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері, қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Д.Б.Шакиров болды.
Өткізілген іс-шараның мақсаты:
1. Әкімшіліктің, оқытушылар мен ө/о шеберлерінің, техникалық персонал мен студенттердің МО сигналдары бойынша іс-қимыл жасау дағдыларын тексеру.
2. Колледждің әкімшілік ғимаратынан эвакуациялау кезінде студенттердің іс-әрекеттерінің реттілігін және тәртіптілігін әзірлеу.
Іс-шара екі кезеңнен тұрды – теориялық және практикалық. Алдымен жаттығу қатысушыларына студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колледжде қабылданатын шаралар туралы айтылды. Содан кейін мамандар террористік қауіп туындаған кездегі қажетті әрекеттерді көрсетті: сол кезде ғимаратта болған барлық адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялады, сондай-ақ ғимаратты тексерді және адамдардың өміріне қауіп-қатерді жойды.
Қауіпті жағдайды жоюға байланысты барлық іс-шаралар уақтылы қабылданды және қызметтік нұсқаулықтарда көзделген тәртіпке сәйкес қабылданды.
- 31 May
- 2022