2022 жылғы 12-15 мамыр аралығында “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” ММ және “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК ТжКБ әдістемелік кабинетімен бірлесіп, Челябі қатынас жолдары институтының негізінде математика, физика және орыс тілінен “Горизонты познания”V Халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 25-тен астам білім беру ұйымдарынан 221 қатысушыдан өтінімдер алынды. Олимпиаданың екі турының нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Колледж студенті Павлова Юлия (370 Д-1) тобы физика пәнінен 2 орын алды!
Олимпиаданың барлық қатысушыларын жақсы нәтижелермен құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілейміз!