Отбасы клубының отырысы аясында Қостанай құрылыс колледжінің педагог-психологы Н.Е.Аллавердиева екінші корпустың 1 курс студенттерінің ата-аналарына “Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы” тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: ата-аналарды жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру, стрессті жеңудің әртүрлі тәсілдерімен танысу. Сонымен қатар “Күйзеліс дегеніміз не?”, “Онымен қалай күресуге болады?”, ата-аналарға жазғы кезеңге ұсыныстар берілді.
- 23 May
- 2022